{metadescription}
Алматыда самокат қоятын арнайы 10 орын белгіленді
Алматыда самокат қоятын арнайы 10 орын белгіленді

Алматыда самокат қоятын арнайы 10 орын белгіленді

Алматыда самокаттарды қоятын арнайы тұрақтар пайда болады. Қала билігі қос дөңгелекті құрылғыларды қоятын 10 орынды белгілеп қойған. Енді кикшеринг компаниялары электрсамокаттарды соған сай бейімдеуі керек.

Техниканы көрінген жерге тастап кететіндермен шенеуніктер осылай күреспек. Тек арнайы тұрақтардың нақты қашан іске қосылатыны белгісіз. Егер жалға беретін компаниялар самокатты жақын арада бейімдеп үлгермесе, тұрақтар көктемде іске қосылуы мүмкін. Себебі, жол белгілері бояу арқылы сызылады. Ал күн суытып кеткен жағдайда оны жүзеге асыру мүмкін болмай қалады дейді әкімдіктегілер.

Самокаттарға қатысты тәртіп орнатуды президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында тапсырған болатын. Осыдан соң алматылық депутаттар нарықты тәртіпке келтірмейінше, самокаттарды жалға беруді тоқтата тұру туралы бастама көтерді. Алайда жауапты басқарма басшылығы «бұл мүмкін емес» деп отыр.

Бауыржан Құмарғазин, Алматы мобильді басқарма басшысының орынбасары:

Қазір электрсамокат нарығы, кикшеринг компанияларының жұмысы реттелмеген. Нақты нормалар мен ережелер жазылған бір де-бір заң жоқ. Дегенмен кикшеринг компанияларымен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Алматыда саябақтар мен жаяу жүргіншілер аймақтарын жаптық. Ол жерде электрсамокаттар жүрмейді. Ал арнайы тұраққа деп 10 орын таңдалды жұрт құрылғыларды жиі тастап кететін аумақтар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.