Мәжілісмендер: Сорбұлақ 37 жылдан бері халықты улап отыр
Сорбұлақ маңындағы елді мекендерде тұрғындар тыныс алудан қалды. Мәжілісмендер Алматы іргесіндегі кәріз сулары жиналатын бұл көл 37 жылдан бері халықты улап отыр деп мәселе көтерді.
Автор: Дастан Қуандық
10.09.2025
Себебі, зерттеулер су құрамында 31 түрлі зиянды зат бар екенін көрсеткен. Депутат Данияр Қасқарауов әсіресе нормадан төрт есе артық кадмийдің қатерлі ісікке әкелуі мүмкін екенін ескертті. Қазірдің өзінде көлде 750 миллион текше метр су жиналған. Егер нөсер жауын, не жер сілкінісі бола қалса, Ақши мен Күртінің су астында қалу қаупі басым дейді депутат. Тіпті Балқаш пен Қапшағайға да қауіп төніп тұр екен. Мәжілісмен бұл жағдайды Үкімет шұғыл түрде қарастырып, тәуелсіз комиссия құруы қажет деп есептейді.
Данияр Қасқарауов, Мәжіліс депутаты:
— Оның құрамына экологтарды, осы саланың мамандарын, сарапшыларды және тәуелсіз зертхана өкілдерін қосу керек. Себебі су құрамын және ондағы қауіпті химиялық элементтердің мөшерін анықтаумен «Алматы су» мекемесі айналысып жүр. Бұл көл осы мекеменің балансында болғандықтан, олар объективті қорытынды шығармайды. Қазақша айтқанда, "өз қолын өзі шаппайды".
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары