Жөнделіп жатқан жол жолі үшін ақы төленбейді
Бүгіннен бастап елімізде ақылы автожолдардағы төлем тәртібі өзгерді. Бұдан бұлай жөнделіп жатқан жол учаскелері үшін ақы төленбейді.
Автор: Әсел Ерболқызы
15.09.2025
Жауаптылар жергілікті тұрғындарға осындай жеңілдік қарастырыпты. Егер ақылы автотрассада көлік қозғалысын шектейтін немесе жөндеуді талап ететін учаскелер болса, сол аумақтағы төлем жөндеу толық аяқталғанша алынбайды. Мәселен, жалпы ұзындығы 100 шақырым ақылы автожолдың бес шақырымы жөндеуде болса, жүргізушілер қалған 95 шақырымға ғана ақша төлейді дейді көлік министрлігі.
ҚР Көлік министрлігі:
— 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап республикалық маңызы бар ақылы автожолдарда төлем ережелері өзгерді. Елімізде 27 ақылы жол бар. Ақылы автожолда жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер ететін және жөндеуді талап етіп тұрған жол учаскесі болса, дәл сол аралық үшін жөндеу толық аяқталғанға дейін төлемақы алынбайды. Ұлттық оператор жол жағдайын үнемі бақылайды. Әр жүргізуші ақау туралы тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 нөміріне хабарлай алады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары