Жылу беру: Жұмысын сапалы орындамаған жауапты тұлғаларға шара қолданылады
Жылу беру маусымы басталар уақыт таяса да, дайындық жұмысы әлі аяқталмаған. Бүгін Үкімет отырысында қысқа қамдану жайы талқыланды.
Автор: Дастан Қуандық
15.09.2025
Биыл жылумен жабдықтау бағытында біраз шаруа тындырылған. Жоспарланған 323 шақырым жылу жүйесінің 280 шақырымы жаңартылып, өңірлерде де ауқымды жөндеу жүргізіліпті. Дегенмен премьер-министр жұмыстың кешігіп жатқанын сынға алып, белгіленген мерзімде әрі сапалы жұмысын орындамаған жауапты тұлғаларға шара қолданылатынын ескертті.
Олжас Бектенов, ҚР премьер-министрі:
— Бірқатар өңірде жұмыс кешігіп жатыр. Осыған орай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарының әкімдеріне жөндеудің аяқталуын қатаң бақылауға алуды тапсырамын. Келесі отырысқа дейін аяқтаңыздар. Жұмыстың сапасы басты назарда болуға тиіс. Тапсырма орындалмаса, тиісті шешім қабылданады. Бұл барлық өңірлерге қатысты мәселе. Жылу беру маусымын уақтылы бастау қажет.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары