{metadescription}
Алматы маңында қоқыс полигоны өртеніп, ыс пен түтін ауылдарға жайылды
Алматы маңында қоқыс полигоны өртеніп, ыс пен түтін ауылдарға жайылды

Алматы маңында қоқыс полигоны өртеніп, ыс пен түтін ауылдарға жайылды

Алматы маңында тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон өртеніп жатыр. Соның салдарынан ыс пен түтін жақын маңайдағы ауылдардың аспанын басты.

Қолқаны қабатын иіс маңайдағы ауыл тұрғындарының мазасын қашырған. Ал тау болып үйілген қоқыстың арасынан қою түтін әлі шығып жатыр. Қазір полигон аумағында жер қалпына келтіріліп, топырақпен толтырылуда. Жылдар бойы жиналған қоқыстың қанша аумағы өртенгені әзірге белгісіз. Ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Түнде басталған алапат өртті сөндіру үшін 80-ге жуық маман мен арнайы 40-тан астам техника жұмылдырылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде