«Жұмбақ өлім». СҚО: Полтавкада өртенген үйден үш адамның денесі табылды
Солтүстік Қазақстан облысында үш адамның жұмбақ өліміне байланысты тергеу басталды. Олардың денесі Полтавка ауылындағы өртенген үйден табылған. Марқұмдардың бірі сол үйдің иесі.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
18.09.2025
Баспанада өрт кешкі мезгілде тұтанған. Оқиға орында үш арнайы техника мен сегіз өрт сөндіруші жұмыс істеген. Алайда баспананың түгі қалмай өртенді. Күлдің арасынан 58 жастағы үйі иесі әйел адамның және жасы 44 және 46 дағы екі ер адамның денесі табылды. Оның бірі әйелдің күйеу баласы екен. Сол отырыста болған үй иесінің 35 жастағы қызы аман қалған деген ақпарат бар. Сарапшылар марқұмдар өрттен емес, адамның қолынан қаза тапқан деген болжап отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары