«Жерлейтін жер жоқ». Алматыда 70 зираттың 61-інде мәйіт көметін орын қалмаған
Алматыда мәйіт көметін жер тапшы. Қазір қаладағы 70 зираттың 9-ы ғана жұмыс істеп тұр. Қалған 61-інде қайтыс болған адамды жерлейтін орын қалмаған. Сондықтан көп зират жабық тұр.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
23.09.2025
Ал жұмыс істеп тұрған тоғыз бейітте қазір, шамамен, 60 гектар бос аумақ бар. Алайда бұл тек алдағы 6-7 жылға жеткілікті дейді шенеуніктер. Олар тапшылықтың алдын алуға тырысып жатыр. Алматы облысымен бірлесіп, адам жерлеуге болатын аумақтарды анықтаған. Қазір бұл жерлерді мемлекет меншігіне рәсімдеп жатыр.
Алматы қаласын зират жерімен қамту кезең-кезеңімен шешіледі дейді қала басшылығы. Бұған қоса жерді үнемдеудің бір тәсілі ретінде өңірде мәйіт өртеу орны да салынған. Крематорий қызметі нормативтік тұрғыдан реттелгенше, нысанды күтіп ұстау міндеті Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына жүктелген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары