{metadescription}
Бішкекке барар жолда екі көлік соғылысып, сегіз адам мерт болды
Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты 8 адамның өмірін жалмады. Бішкекке барар жолда екі көлік бетпе бет соғылған.
Автор: Назерке Ержанқызы
30.09.2025
Жол апаты Беріктас ауылы маңында, түн ортасында болды. Полицияның мәліметінше, Лексус маркалы көлік жолдың қарсы бағытымен жүйткіп барып, жолаушыға лық толы Тойота Альфардпен соқтығысқан. Сегіз адамның өмірі сол жерде қиылды. Тағы екеуі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Полиция оқиғаға қатысты іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары