Оралда 10 жастағы қызды зорлаған еркек қамауға алынды
Оралда 10 жастағы қызды зорлаған күдікті ақыры ұсталды. Оқушыны қорлаған азғын уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
01.10.2025
Полицейлер қылмыстық істің қандай бап бойынша қозғалғанын айтқан жоқ. Алдын ала болжам бойынша, азғын мектеп оқушысын алдымен қылқындырып, кейін зорлаған. Оқиға мектептен таяқ тастам жерде болған. Күдікті қызды орманға сүйреп әкеткен. Полицейлер оқиға орнын тінтіп, қылмыскердің ізіне түскен. Бір тәуліктен кейін ақыры ұсталды. Болған жағдай тұрғындардың зәресін алды. Олар баласын көшеге жалғыз шығарудан қорқып қалған. Дегенмен бүгін тәртіп сақшылары күдіктінің ұсталғанын жария етті.
Арман Оразалиев, БҚО ПД бастығы:
— Жүргізілген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері кәмелетке толмағанға қатысты құқыққа қайшы әрекет жасады деген күдіктіні ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады. Балаларға қатысты жасалған қылмыстар ерекше бақылауда болатынын және ең қатаң түрде жазаланатынын атап айтқым келеді
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары