{metadescription}
«STADA Хемофарм». Сербиялық фармацевтика Қазақстанға экспортын арттырады
«STADA Хемофарм». Сербиялық фармацевтика Қазақстанға экспортын арттырады

«STADA Хемофарм». Сербиялық фармацевтика Қазақстанға экспортын арттырады

Сербиядан — сапалы дәрі-дәрмек. Белград қаласындағы «STADA Хемофарм» фармацевтика зауыты Қазақстанға экспортты арттырмақ. Кәсіпорында түрлі дертке шипа болатын препараттың мыңнан аса түрі шығарылады. Бүгінде өрісі кеңге жайылған компания тек Қазақстан емес, әлемнің 120-дан астам еліне танымал. Миллиондардың сеніміне ие компания бірінші кезекте жоғары сапаға мән береді. Зауыттағы өндіріс барысын КТК тілшісі көріп қайтты.

Сербияның Вршац қаласында орналасқан дәрі-дәрмек өндіретін зауыт. Іргетасы сонау 1960 жылы қаланған бұл кәсіпорында бүгінде 4 мыңнан астам маман жұмыс істейді. Жылына 330 миллионнан астам дәрі-дәрмек қаптамасы шығарылады. Өнімнің 80 пайыздан астамы шетелге, соның ішінде Қазақстанға да экспортталады.

Сапалы өнімдерімен ерекшеленетін «Хемофарм» фармацевтика нарығында 60 жылдан аса уақыт жұмыс істеп келеді. 1000-нан астам дәрі түрін шығаратын компания бүгінгі күні сұраныстың артуымен танылып отыр. Өнімдерінің басым бөлігі экспортқа шығарылады. Осылайша әлемнің 120-ға жуық еліне қолжетімді.

Светлана Калинич, STADA Hemofarm операция менеджері:

 Бізде бүкіл STADA тобы бойынша қолданылатын бірыңғай сапа жүйесі бар. Барлық өнімдер бірдей жолдан өтіп, бірдей тәртіппен нарыққа шығарылады. Біз өнімімізді 30 елге экспорттаймыз. Өндірісіміздің 80 пайызы экспортқа, ал 20 пайызы ішкі нарыққа жіберіледі. STADA Hemofarm құрамында Вршац, Шабац, Баня-Лука және Подгорица қалаларында төрт өндірістік орын бар.

Өндіріс орны фармацевтикалық өнімдерге қойылатын халықаралық стандартқа сай салыныпты. Компания желілері толық  автоматтандырылған. Заманауи құрылғылар үздіксіз жұмыс істеп тұр. Мұндағы әр қондырғының өз міндеті бар. Әр препарат шикізаттан бастап дайын қаптамаға дейінгі жолдан өтеді. Ал содан соң мамандар дәріні жіті тексереді.

Неманья Бркович, STADA Hemofarm қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері:

  Кәсіпорын үш негізгі санаттағы өнім шығарады. Дәрігердің нұсқауынсыз сатылатын дәрілер, дженериктер, сондай-ақ арнайы дәрілік заттар, оның ішінде биосимилярлар да бар. Бүгінде Hemofarm STADA компаниясы фармацевтика саласындағы ең ірі өндіріс алаңы болып есептеледі. Осыған дейін кәсіпорынның дамуына 450 миллион еуродан астам инвестиция салынды.

Былтыр зауытқа жаңа желілер мен жабдықтар үшін 47,5 миллион еуро инвестиция салыныпты. Қазір нысанда сегіз цех жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ зауытта автоматтандырылған қойма да іске қосылған. Онда жылына 130 мың тоннадан астам препараттар шет елге тасымалданады.

Зоран Чурчич, STADA Hemofarm қойма меңгерушісі:

 Біздің қызметімізге шикізатты, бастапқы материалдарды, қаптаманы және дайын өнімді қабылдау және жөнелту кіреді. Препараттарға 15–25 градус, ал ерекше шарттарды талап ететін өнім үшін 2–8 градус аралығындағы салқындатқыш камералар қолданылады. Бақылау тәулік бойы арнайы датчиктер мен мониторинг жүйесі арқылы жүргізіледі. Жүкті қабылдау және өткізу кезеңінде ғана мамандар қызмет көрсетеді. Ал қалған уақытта тек арнайы құрылғылар жұмыс істейді. 

Компания 65 жыл ішінде миллиондаған тұтынушының сеніміне ие болған. Қазақстан, Өзбекстан, басқан да Еуразия елдерімен бірлесе жұмыс істейді. Мұндағы мамандар тәулігіне төрт ауысыммен үздіксіз жұмыс істейді. Алдағы уақытта кәсіпорын жаңа өнімдер шығаруды жоспарлап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде