Түркістан облысы: Келесте мүгедек туысын зорлаған ағайынды үш жігіт сотталды
Түркістан облысында мүгедек туысын зорлаған ағайынды үш жігіт сотталды. Келес ауданының тұрғындары көршісі әрі немере бауыры болып келетін 24 жастағы мүгедек жанға зәбір көрсеткені үшін әрқайсысы 9 жылдан жаза арқалады.
Автор: Бек Әбиев
08.10.2025
Исмаил Заманбек, Түркістан облыстық сотының ресми өкілі:
— Жәбірленушілердің өкілі сотталушыларға қатаң жаза тағайындап, моральдық шығын ретінде 15 миллион теңге өтеуді сұрады. 8 қазанда сот үкімімен соталушылар Б, Б. және Д. тоғыз жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушылардан 5 миллион теңге материалдық шығын өндірілді.
Биыл жыл басында ағайындылардың бірі көрші тұратын туысының үйіне ұрлыққа түсіпті. 41 мың теңгені қолды қылып, сол үйде тұратын ақыл-есі кем 24 жастағы туысын зорлаған. Көп ұзамай жәбірленуші моншаға түсуге келгенде, туған екі бауырымен бірге тағы қорлық көрсеткен. Ақыл-есі төрт жасар баланың дамуымен деңгейлес жәбірленуші бұл жағдайды кейін анасына айтып берген. Осыдан кейін күдіктілер қамауға алынған. Алайда бүгінгі сот үкімімен қос тарап та келіспей отыр. Сотталушылардың жақындары «жазықсыз қамалды» десе, жәбірленушінің анасы «жаза тым жеңіл» деп, апелляцияға жүгінбекші.
Жәбірленушінің анасы:
— Апелляцияға берем. Келіспеймін и, моральдық, материалдық шығын мөлшері аз, келіспеймін. Біз бес ай оңалту орталығына қатынадық, аптасына екі реттен, жатқыза алмай. Негізі 15 миллион сұраған едік, аз төлеп отыр. Менің баламды 10 жастан зорлап келген, 2011 жылдан бері.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары