{metadescription}
Астанада Нұрсұлтан Назарбаев қоры сыйлықтарының лауреаттары марапатталды
Астанада Нұрсұлтан Назарбаев қоры сыйлықтарының лауреаттары марапатталды

Астанада Нұрсұлтан Назарбаев қоры сыйлықтарының лауреаттары марапатталды

Жас келсе іске! Астанада ғалымдармен өнерпаздардың еңбегі еленіп, таланты танылып жатыр. Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев қоры сыйлықтарының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Олар — білім, ғылым, мәдениет, медицина және цифрлық технология саласында үздік деп танылғандар.

Әлкей Марғұланұлы, "Нұрсұлтан Назарбаев қоры" атқарушы директорының орынбасары:

 Он жыл ішінде 258 лауреат еліміздің дамуына өз үлесін қосса, бүгін олардың қатарына 20 жаңа лауреат қосылды. Біз үшін ол үлкен мәртебе. Себебі біз өзіміз өте жақсы білеміз. Талантты жастарды, еліміздің мықты талантты азаматтарын қолдау ол адами ресурстарға салынған үлкен инвестиция болып табылады.

Үздіктердің еңбегін елеу, марапаттау 17 жылдан бері жалғасып келе жатқан үрдіс. Биылдың өзінде 120-дан көп үміткерден өтініш түсіпті. Олардың ішінен сұрыптап "сен тұр, мен атайын" деген 20 адам бүгін марапатталды. Олар ғылыми зерттеулермен қатар мәдениет пен өнер саласының дамуына үлес қосқандар. Жеңімпаздар "Нұрсұлтан Назарбаев қоры" сыйлығының лауреаты атанып қоймай, қомақты сыйақы алды. Зерделі зерттеу мен зиятты өнер бағаланатын бұл шара - ел үшін еткен еңбектің елеулі көрсеткіші дейді қатысқандар.

Асқар Мұқиятұлы, дәстүрлі әнші:

— Енді бұл қорға әлеуметтік желіде осы қордың конкурсы болып жатқанын көріп өтініш білдірдім. Сол өтінішімнің қабылданып, бүгін жеңімпаз болғаныма қуаныштымын. Азды көпті еңбегімізді бағалап, елдің алдында қошеметтеп жатқанына қуаныштымын. Сондықтан бұл жоба жалғасын таба берсе екен деймін. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде