{metadescription}
«Yammi maki». Түркістанда фастфудқа тапсырыс берген 14 адам уланып қалды
«Yammi maki». Түркістанда фастфудқа тапсырыс берген 14 адам уланып қалды

«Yammi maki». Түркістанда фастфудқа тапсырыс берген 14 адам уланып қалды

Түркістанда фастфуд жеген 14 адам астан уланды. Олар Yammi maki деп аталатын орталықтан суши, пицца және чикенді  тапсырыспен алдырған.

Бұл жолы фастфуд жеткізумен айналысқан кәсіпкерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Себебі биыл наурыз айында да дәл осы орталықтан тамақ алып жегендер уланып, 68 адам ауруханадан

бір-ақ шыққан. Ол кезде мекеме жабылғанымен, кәсіпкер жұмысын жасырын жалғастыра берген. Бір жылда екінші мәрте қайталанған соң, тамақтану орны толық жабылып, полиция ҚР ҚК «Санитария ережелері немесе гигиена нормативтерін бұзу» бабы бойынша іс қозғады. Бұл бап бойынша кінәлілер екі жылға дейін бас бостандығынан шектелуі немесе айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, соңғы үш жылда өңірде осындай жаппай уланудан 200-ден астам адам зардап шекті.

Асқар Ысқақов, Түркістан облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары:

Кемшілікті жоймастан, осы нысанда қазан айынан бастап тамақ дайындауға қайта кіріскен. 21 қазанда  екінші рет жаппай тамақтан улану тіркелді. Жалпы зардап шеккендердің саны 14. Науқастардың бәрі пицца, суши, чикенды үйге алғызған. Олардың жағдайына байланысты Түркістан облысы СЭБД аумақтық басқармасы тарапынан нысандарға жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, санитария нормасын сақтамай, өрескел кемшіліктерге жол берілгені анықталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.