{metadescription}
Экстрадиция: Экс-прокурор Мақсат Дүйсенов Германияда қолға түсті
Экстрадиция: Экс-прокурор Мақсат Дүйсенов Германияда қолға түсті

Экстрадиция: Экс-прокурор Мақсат Дүйсенов Германияда қолға түсті

Германияда қолға түскен бұрынғы Бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсенов елге экстрадицияланбақ. Бұған дейін қашқын сол елдің билігінен саяси баспана сұрауы мүмкін деген ақпарат тараған. Алайда бас прокурордың орынбасары мұны жоққа шығарды.

Ғалымжан Қойгелдиев, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

Мақсат Дүйсенов Германияда ұсталды, қазір экстрадиция қамауында отыр. Бұқаралық ақпарат құралдарында жазылған ақпарат шындыққа жанаспайды. Экстрадиция процесі басталды. Германия тарапынан бас тарту туралы ақпарат түскен жоқ. Яғни біз оны елге қайтаруға жұмыс істеп жатырмыз.

Мақсат Дүйсенов 2018 жылдың тамызынан 2019 жылдың сәуіріне дейін бас көлік прокуроры қызметін атқарған. Енді алаяқтық, пара алу және қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастыру бойынша айыпталған экс-шенеунікті елге қайтарылғалы жатыр.

Ел билігі өзге де қылмыскерлерді экстрадициялау үшін 25 мемлекетпен құқықтық көмек туралы келісімге қол қойыпты. Соның нәтижесінде соңғы бес жылда 160-қа жуық адам шетелден қайтарылып, жазасын елде өтеп жатыр. Алайда бұл үшін сотталғандардың жазбаша келісімі қажет. Қазір жүзге жуық заң бұзушы отбасы жағдайына байланысты туған жеріне оралудан бас тартып, шетел түрмесінде қалуды жөн көрген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.