{metadescription}
Атырауда егеуқұйрықтар үй ішінде қаптап жүр
Атырауда егеуқұйрықтар үй ішінде қаптап жүр

Атырауда егеуқұйрықтар үй ішінде қаптап жүр

Атырауда кеміргіштер қаптап кетті. Адамнан да қорықпайтын егеуқұйрықтар үй ішінде жүр. Сол себепті тұрғындар баласын үйде қалдыруға қорқып қалған.

Қалада егеуқұйрық көбейгенін айтып жұрт жиі шағымданатын болған. Тұрғын үйлердің жертөлесін жаулаған кеміргіштер енді пәтерге кіріп жатыр дейді. Ал қоқыс алаңдарында тіпті көп. Ал қала әкімдігі тұрғын үй, жертөле мен дәліздер тұрғындардың жекеменшігі деп жайбарақат отыр. Сондықтан оны өздері тазалау керек дейді шенеуніктер. Кеміргіштердің кесірінен, жұқпалы ауру тарауы мүмкін деген тұрғындардың қаупіне санитарлық дәрігерлер де селт етер емес.

Айгүл Ысқақова, Атырау облысы санитария-эпидемиологияны  бақылау департаменті басшысының орынбасары:

Кеміргіштерге байланысты жұқпалы аурулар таратылған жоқ. Тек жұқпалы ауру ошағы болған кезде  санитария-эпидемиология қызметі жедел хабарлама болғанда ғана барып, тапсырма, ұсыныс бере алады. Дератизация жоспардан тыс, эпидемияға қарсы шараларды жүргізу жөнінде.  Шараларды жергілікті атқарушы органдар жүргізу керек.  Жергілікті атқарушы орган тарапынан бұған қаржы бөлінуге тиісті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.