Ауыл шаруашылығы министрі басу айтты — ет енді қымбаттамайды
Еттің құны енді өспейді. Қазірдің өзінде баға тұрақты әрі жақын арада қымбаттауы екіталай. Алаңдаған жұртқа ауыл шаруашылығы министрі басу айтты.
Автор: Дастан Қуандық
04.11.2025
Айдарбек Сапаровтың айтуынша, бұған дейін ет бағасының қымбаттауына шетелдік сұраныстың артуы себеп болған. Қазір бұл үрдіс тоқтап, жағдай тұрақталыпты. Дәл осындай себеппен былтыр картоп та қымбаттаған. Биыл картоп өнімі 3 миллион тоннаға көбейіп, көкөніс, бидай және бақша дақылдары да мол жиналды дейді ауыл шаруашылығы министрі.
Елде азық-түлік қоры жеткілікті. Енді өңір әкімдіктері тұрақтандыру қорын дер кезінде толықтырып, қыс пен көктемде тапшылықты болдырмауға тиіс. Бұл базар мен дүкендердегі бағаны ұстап тұруға мүмкіндік береді деп отыр министр.
Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
— Былтыр баға көтерілгенде, өздеріңіз білесіздер, сұраныс шет мемлекеттерден болып, баға көтеріліп кетті. Шынында болмаған экспорт, тағы да қайталап айтайын, 600 мыңнан артық эскпорт болды. Сондықтан біз ішкі нарықты жаба бастадық. Ал енді соны біле тұра, біз биыл картоп салатын жерді көбейтіп, биыл қосымша 2 млн 900 мың тонна картоп алып отырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары