{metadescription}
«Барымташылар басынды». Ақтөбе облысы: Биыл Көктау мен Көктөбеде 200-ге жуық ірі қара ұрланған
«Барымташылар басынды». Ақтөбе облысы: Биыл Көктау мен Көктөбеде 200-ге жуық ірі қара ұрланған

«Барымташылар басынды». Ақтөбе облысы: Биыл Көктау мен Көктөбеде 200-ге жуық ірі қара ұрланған

Ақтөбе облысының Хромтау ауданында мал ұрлығы өршіп тұр. Айналдырған бір жыл ішінде Көктау мен Көктөбе ауылдарында екі жүзге жуық ірі қара қолды болған.

Амандық Кенжебаев: 

Менен екі жылда 64 бас кетіп тұр. Бір жылы 35 кетті. Былтыр 29 бас кетті. Іздедік. Бір жеті, он күн осы жерде сабылып іздедік. Айтып тұрмын ғой, учаскелік полицеймен екі күн бойы айналаны, шаруашылықты, бәрін айналдық. Іздестірік. Көрlім-білдім деген адам жоқ.

Хромтау ауданына қарасты қос ауылдың шаруа қожалықтары мен тұрғындарынан маза қашқан. «Барымташылар басынып барады» деп налиды олар. Әр шаруаның жайылымдағы ірі қарасын тал түсте айдап кететін болған. Ең сорақысы, жылқыларды атып алып кететін сәттер де кездескен. Тұрғындар полицияға арыз жазғанымен, нәтиже болмай тұр. Ұры ұстатпайды, мал табылмайды. Ал тәртіп сақшылары шекараның арғы бетіндегі ресейлік әріптестерімен де тізе қосып жұмыс істеп жатқанын айтады. Әйтсе де шаруалардың өздері де жайылымдағы малды қармайды деп ақталады полицейлер.

Мадияр Әкентай, Хромтау ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары:

Хромтау ауданына шекаралас Ресей Феерациясы әріптестерімізге де бағыт-бағдар берілді. Олар да сол шекара бойларында іздестіру жүргізіп жатыр. Мал тәулік бойы еркін жайылымда болған. Қараусыз, яғни бақташысыз жайылып жүрген. Соның салдарынан жоғалып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде