{metadescription}
Алматы: 7 жасар қызды жүк көлігімен басып кеткен жүргізуші сотталды
Алматы: 7 жасар қызды жүк көлігімен басып кеткен жүргізуші сотталды

Алматы: 7 жасар қызды жүк көлігімен басып кеткен жүргізуші сотталды

Алматыда жеті жасар қызды жүк көлігімен таптап мерт қылған жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты. Жасы алпысқа таяған ер адам екі жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ бес жыл ішінде көлік тізгініне отыруына тыйым салынды. Ал сол сәтте жасөспірімге жол бермеген автобус жүргізушісі 40 мың теңге айыппұлмен құтылды.

Қайғылы оқиға сәуір айында болған еді. Жеткіншек жаяу жүргіншілер жолағымен жолдың арғы бетіне өтпек болған. Алайда жүк көлігі оны байқамай, басып кетеді. Сорақысы сол, мұның бәрі марқұмның анасының көзінше болды. Ол көшенің келесі бетінде перзентін күтіп тұрған. Жеті жасар қыз оқиға орнында тіл тартпай кеткен болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде