{metadescription}
Алматыда жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді көлік басып кетті
Алматыда жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді көлік басып кетті

Алматыда жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді көлік басып кетті

Алматыда көшенің қақ ортасында жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді көлік таптап кетті. Көп жарақат алған тәртіп сақшысы қазір ауруханада жатыр.

Оқиға күндіз сағат үш шамасында Желтоқсан мен Сәтпаев көшесінің қиылысында болды. «Тойота» маркалы автокөлікті тізгіндеген ер адам кенеттен ортада жол қозғалысын қолмен реттеп тұрған полиция қызметкерін соғып өткен. Белгіні де пысқырмай, көшені қақ жарып өтпек болған жүргізушінің әрекеті бейнебақылау камерасына анық түсіп қалған. Аталмыш оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде