{metadescription}
«Қылмыстық іс». Жамбыл облысы: Мырзатайда 12 оқушы астан ұшынған
«Қылмыстық іс». Жамбыл облысы: Мырзатайда 12 оқушы астан ұшынған

«Қылмыстық іс». Жамбыл облысы: Мырзатайда 12 оқушы астан ұшынған

Жамбыл облысында мектеп маңындағы дүкеннен тамақ алып жеген оқушылар жаппай уланып қалған. Байзақ ауданындағы Мырзатай елді мекенінде 12 бала астан ұшынып сабақтан қалған

Тез дайындалатын тамақ жеп уланғандар 5-сынып оқушылары. Дәрігерлер басы айналып, құса бастаған балалардың жағдайын бақылап, кейіннен үйіне қайтарған. Қазір олардың жағдайы тұрақты. Ал мектеп маңында мерзімі өткен тамақ саудасына қатысты тексеріс басталды. Санитар мамандар тағамдардан сынама алынып зертханаға жіберілгенін айтады. Жаппай улану дерегіне қатысты қылмыстық іс ашылып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Ерлан Сейдаханов, Байзақ ауданы білім бөлімінің басшы міндетін атқарушы:

Бүгінде балалар үйінде. Оқушылардан жарты сағат сайын мәлімет алып отырмыз. Балалар дін аман. Үш күннен кейін сабаққа шығады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.