{metadescription}
Алматыда Warner Bros қаржы пирамидасының жолы кесілді
Алматыда Warner Bros қаржы пирамидасының жолы кесілді

Алматыда Warner Bros қаржы пирамидасының жолы кесілді

Алматыда талайды сан соқтырған қаржы пирамидасының жолы кесілді. Warner Bros деп аталатын компания халықты трейлер көру арқылы табыс табуға үгіттеген.

Алаяқтар жұртты сендіру мақсатында танымал Голливуд компанияның атын пайдаланған. Трейлер көрумен қатар жаңа салымшы әкелген жағдайда пайда да арта түседі деп сендіреді. Жалған компанияға әр азамат шамамен 250 мың теңге ақша беріп тіркелген. Салымшы санын арттыру үшін әлеуметтік желілер қолданылыпты. Ал жиналған қаражатты пирамида ұйымдастырушылары криптовалюта түрінде сақтаған. Енді ол алданған адамдарға қайтарылмақ.

Ернар Тайжан, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі:

Сот санкциясымен жалпы сомасы 3,8 миллион USDT көлеміндегі криптоактивтерге тыйым салынды. Сот үкімі бойынша ұйымдастырушыға 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар сот 40 жәбірленушінің азаматтық талабын қанағаттандырып, олардың залалы тыйым салынған криптоактив есебінен өтелетіні айтылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.