Түркістан облысы: Көпқабатты үйдегі жарылыста жарақат алған келіншек көз жұмды
Түркістан облысында көпқабатты үйдегі жарылыстан ауыр жарақат алған келіншек есін жимастан ауруханада көз жұмды.
Автор: Бек Әбиев
14.11.2025
Шәуілдір ауылында газға қосылғаннан кейін бір сағат өтпей, көпқабатты үйде жарылыс болған. Мемлекеттік қызметкерлерге берілген 12 пәтерлік үйде сол сәтте жеті адам болыпты. Екінші қабаттан шыққан жарылыстың күшті болғаны сондай, сол пәтерде тұрып жатқан Әсел Әмірханды сыртқа лақтырып жіберген. Денесінің 90 пайызын күйік шалып, омыртқасы және аяқ-қолы бірнеше жерден сынған келіншек жансақтау бөліміне жатқызылған. Апаттан соң жеткен жергілікті билік өкілдері жарылысқа жәбірленушілердің өздерін айыптаған екен. Дегенмен оқыс оқиғаның мән-жайы әлі анықталып жатыр. Ал дәрігер болып қызмет еткен 30 жастағы марқұмның артында екі баласы қалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары