{metadescription}
Көкшетау: Красный Ярда екі жеңіл көлік соқтығысып, бір адам мерт болды
Көкшетау: Красный Ярда екі жеңіл көлік соқтығысып, бір адам мерт болды

Көкшетау: Красный Ярда екі жеңіл көлік соқтығысып, бір адам мерт болды

Көкшетауда екі жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты. Жол апаты қала іргесіндегі Красный Яр елді мекенінде болған.

Volkswagen Golf-тің 42 жастағы жүргізушісі көше қиылысында Changan көлігіне жол бермей, көлік оның бүйіріне соғылады. Жүргізушілердің бірі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Көліктердің де сау-тамтығы қалмаған. Полицейлер қазір тергеу жүргізіп жатыр.

Баян Балтабекова, Ақмола облысы ПД бөлімінің аға инспекторы:

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Полиция департаменті осындай апаттардың алдын алу үшін жүргізушілерге, әсіресе көлік қозғалысы көп жерде жылдамдықты асырмау және көліктерінің техникалық жағдайын бақылау маңызды екенін еске салады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.