Жаңа банкнотты қабылдаудан неге бас тартып жатыр?
Жеңістің 80 жылдығына орай шығарылған мерейтойлық банкноттар айналымда жүргенімен, оны қабылдаудан бас тартып жатқандар көп. Бас банк төрағасы бұл жағдайды банкоматтар мен төлем жүйелерінің бағдарламасы әлі толық жаңартылмау себебімен байланыстырып отыр.
Автор: Дастан Қуандық
28.11.2025
Биыл мамырда мерейтойлық банкнот 5 миллион данамен айналымға енген. Алайда жаңа купюраны банкоматтар мен сауда орындарының жүйесіне бейімдеу бірнеше айға дейін уақыт алатындықтан, әзірге ол барлық жерде қабылдана бермейді. Сондықтан алаңдауға негіз дейді Тимур Сүлейменов.
Ұлттық банк төрағасынан бүгін Астанадағы су жаңа ғимараттың құны да сұралды. Бірақ «нысан — режимдік» деген Сүлейменов, кеткен шығын көлемін жариялаған жоқ. Бас банктің келер жылғы инфляция көлеміне қатысты болжамы да қуантпады. Биыл ол жоспардағыдай 11 және 12 жарым пайыз аралығында емес, 13 пайызға дейін өсуі мүмкін. Ал 2026 жылы сәл төмендейді деп күтілуде.
Тимур Сүлейменов, Ұлттық банк төрағасы:
— Дегенмен қауіп байқалып отыр. Жыл есебінде базалық инфляция 12,2 пайызға тең. Бұл базалық инфляция үшін жоғары көрсеткіш. Оған қоса тұтыну қоржынына кіретін тауарлар мен қызметің шамамен 80 пайызы Ұлттық банктің 5 пайыз нысаналы дәлізінен қарқынмен қымбаттап жатыр. Бұл – тауар бойынша бөліністі көрсететін қосымша метрика.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары