{metadescription}
«Шабуылдан соң шара». Мұнайды шетелге шығарудың балама жолдары қарастырылуда
«Шабуылдан соң шара». Мұнайды шетелге шығарудың балама жолдары қарастырылуда

«Шабуылдан соң шара». Мұнайды шетелге шығарудың балама жолдары қарастырылуда

Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылдан кейін Қазақстан мұнайды шетелдік нарыққа шығаруды тоқтатпаудың амалын жасауда. Яғни қара алтынды жөнелтудің балама жолдары қарастырылып жатыр деп мәлімдеді энергетика министрлігі.

Өткен сенбіде Украинаның экипажсыз катерлері Новороссийскідегі Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалының айлақ құрылғысын істен шығарды. Бұл аймақта кемелер мен сүңгуір қайықтар шоғырланған. Мұнда бұған дейін де Украина дрондары бірнеше рет шабуыл жасаған. Осы құбыр консорциумы арқылы Ресей, Әзірбайжан және Қазақстан мұнайы халықаралық нарыққа жол тартады. Бір жарым мың шақырымға созылған құбыр өңірдегі ірі халықаралық жобалардың бірі. Осы ретте сыртқы істер министрлігі КТК инфрақұрылымына жасалған шабуылға байланысты Украинаға наразылық білдірді. «Бұл оқиға халықаралық құқық нормаларымен қорғалатын азаматтық нысанға қарсы жасалған үшінші агрессиялық акті болып отыр» делінген хабарламада. Көп ұзамай, қарымта жауабын берген Украина сыртқы істер министрлігі бұл әрекеттің Қазақстан немесе үшінші тараптарға бағытталмағанын айтты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.