{metadescription}
Ұлттық банктің «Жаратылыс сырлары» монеталары интернет дүкенде сатылмақ
Ұлттық банктің «Жаратылыс сырлары» монеталары интернет дүкенде сатылмақ

Ұлттық банктің «Жаратылыс сырлары» монеталары интернет дүкенде сатылмақ

Ұлттық банк айналымға Мысыр құдайлары бейнеленген ерекше коллекция монеталарын шығармақ. «Жаратылыс сырлары» сериясына енген бұл монеталар 3 желтоқсаннан бастап бас банктің интернет дүкені арқылы сатылады.

Күлгін және күміс түстермен әрленген бұл ерекше құйма ақша әдеттегі дөңгелек емес, ромб пішінінде жасалған. Бір жағында технология рәміздері мен оның трансформациясы, ал екінші бетінде перғауындардың бейнесі ойып түсірілген. 2000 теңге номиналындағы тиынның жалпы таралымы небәрі 400 дана. Бұл құнды белгі еліміздің аумағында төлем құралы ретінде де, банк операциясында да айналымда еркін жүреді.

Дастан Беков, ҚР Ұлттық банк қолма-қол ақша айналысы департаментінің жетекші экономист-маманы:

Монетаның танталдан жасалған бөлігінде ежелгі Мысыр құдайлары, ал күмістен жасалған бөлігінде технология символдары мен олардың эволюциясы бейнеленген. Монета күрделі технологиямен 925 сынамалы күмістен дайындалған тантал қондырғысы бар. Салмағы 162,2 грамм. Номиналы 2000 теңге. Монетаны Ұлттық банктің интернет дүкенінен сатып алуға болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде