«Не үй, не ақша жоқ». Ақтөбелік үлескерлер бес жылдан бері далада жүр
Ақтөбелік үлескерлер бес жылдан бері баспанасына қол жеткізе алмай жүр. Олардың осы уақыттан бері арызданбаған жері қалмаған.
Автор: Жаңалық Ахаш
01.12.2025
Гүлнар Иманғалиева:
— Бізде осы уақытқа дейін не үй жоқ, не ақша жоқ. Ешқандай медиатив келісімге отырған жоқпыз. Өзіміз жұмысшымыз. Осы бір бөлмелі үйді міне береміз деп, салып біткен соң береміз деген, «Ынтымақ-16» үйі. Осы уақытқа дейін әлі еш нәтиже жоқ.
Бүгін бірнеше үлескер прокуратура алдына жиналды. Қадағалаушы органнан басқа барар жеріміз жоқ дейді. Үлескерлер Жаңаконыс ауданындағы үйлердің құрылысы енді басталған кезде пәтер сатып алыпты. Бірақ бес жыл өтсе де, өз баспана кілтін алған жоқ. Ақшасы да қайтарылмаған. Олардың айтуынша, пәтерге 8–13 миллион теңге аралығында төлеген. Жалпы шығын көлемі шамамен 120 миллион теңгеге жуық. Құрылыс компаниясына қатысты арыз 2022 жылдан бері жазылған. Тіпті «алаяқтық» бабымен қылмыстық іс те қозғалған. Бірақ сотқа жететін түрі жоқ. Ал прокурорлар тергеу аяқталғанын айтып, сот келер жылы басталатынын хабарлады.
Болат Саламат, Ақтөбе прокуратурасының бөлім прокуроры:
— Аталған істің мән-жайы қылмыстық процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды. Аалмыш іс қала прокуратурасының бақылауында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары