{metadescription}
Kazakhstan sociology lab: білікті мамандар кәсіби тәжірибесін бөлісті
Kazakhstan sociology lab: білікті мамандар кәсіби тәжірибесін бөлісті

Kazakhstan sociology lab: білікті мамандар кәсіби тәжірибесін бөлісті

Елордада әлеуметтанушыларға арналған айрықша жобаның қорытынды конференциясы өтті. Шара Kazakhstan sociology lab деп аталады. Мұнда білікті мамандар кәсіби тәжірибесін бөлісіп, қатысушылар тың бастамаларын таныстырды.

Сегіз айлық оқуда білімгерлер медицина, криминология және қала құрылысы саласындағы тенденцияны толық зерттеді. Сондай-ақ визуалды презентация жасап, көпшілік алдында көркем сөйлеу дағдысын жетілдірді. Жоба «Ел үміті» корпоратив қорының қолдауымен 2023 жылдан бері шәкіртер тәрбиелеп келеді. Осы уақыт ішінде шамамен 130 тыңдаушы қатысып, 75 оқушы мектептің түлегі атанған. Бұл жобаның үшінші лек қорытындысы. Ал төртінші лекке қабылдау ақпан айында басталады.

Арыстан Сатанов, жобаға қатысушы:

Биыл Қазақстан әлеуметтану мектебінің түлегімін. Бүгін біздің бір жылдық оқуымыз тәмәмдалды.Бүгінгі конференцияда бір жылдық алған теория және практика білімді конференцияда баяндама жасап таныстырамыз. Қазақстан әлеуметтану мектебінде біз дәлелді және деректер негізіндегі шешім шығаруға байланысты түрлі әдіс-тәсілді үйрендік.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.