Қарағанды облысы: Малын іздеп шыққан зейнеткер көлігінде жан тапсырған
Қарағанды облысында бес күннен бері із-түзсіз кеткен зейнеткер өлі табылды. Жоғалған малын іздеп шыққан 72 жастағы ауыл тұрғыны айдалада көлігінің ішінде жан тапсырыпты.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
23.12.2025
Ағадыр кентінің тұрғыны жол талғамайтын көлігімен иен далаға мал іздеуге 18 желтоқсан күні кеткен. Бірақ жақынарынан бұл туралы хабарлама екі күнен кейін түсіпті. Іздестіруге екі дрон,спутник байланыс құралдары қолданылды. Бүгін күндізгі сағат 11 шамасында полиция қызметкерлері жоғалған зейнеткерге тиесілі көлікті тапты. Ол Ағадыр кентінен шамамен 35 шақырым қашықта, Ортау ауылы бағыты бойынша тау ортасындағы даладағы жолда тұрған.
Бақытжан Құдияров, Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы:
— Автокөлік қарға көміліп қалған, салонын қарағанда жүргізуші орындығында ер адамның денесі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары