{metadescription}
Серік Жұманғарин: Мені «салық реформасының әкесі» деп атады, солай болсын
Серік Жұманғарин: Мені «салық реформасының әкесі» деп атады, солай болсын

Серік Жұманғарин: Мені «салық реформасының әкесі» деп атады, солай болсын

2026 жылдан бастап, міндеттемесі 1 миллион теңгеден аспайтын кәсіпкерлер үшін салық есебі едәуір жеңілдемек. Енді олар тоқсан сайын емес, жылына тек бір рет декларация тапсырады. Оны тапсырмаған күннің өзінде де айыппұл салынбайды. Бүгін Үкімет шағын және орта кәсіп иелеріне арналған бірқатар жеңілдік қарастырып, қолдауды күшейтетін шешімдер қабылдады.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

Тексеру тек тәуекелдер бойынша ғана жүргізіледі. Біз жоспарлы салық тексерулерінен толық бас тарттық. Микро және шағын бизнес үшін маңызды мәселе – 2026 жылға дейінгі кезеңдер бойынша салық тексеруі мен камералдық бақылау алынып тасталады. Адал бизнес салық органдарының тосын келуін күтпей, алаңсыз жұмыс істеуіне мүмкіндік алады.

Үкіметтің бүгінгі отырысында салық кодексіне енгізілетін өзгерістер де айтылды. Жаңа түзетулерге сәйкес, 6 жарым миллион теңгеге дейінгі салық қарызын бір жылға дейін кепілсіз бөліп төлеуге немесе кейінге шегеруге мүмкіндік берілмек. Бұл шешім рәсімдеу мерзімін қысқартып, кепіл мүлкін бағалау мен сақтандыру сияқты артық бюрократия кедергісінен арылуға жол ашпақ.

Ұлттық экономика министрінің айтуынша, бұл өзгерістер бизнеске қысым емес, қайта оны көлеңкеден шығарып, ел экономикасын жандандыруға бағытталған. Ол алдағы он күнде күшіне енетін реформаның сәтті жүзеге асырылатынына сенім білдірді.

Серік Жұманғарин, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Бұл реформа үшін жауапкершілікті мен өз мойныма аламын. Ал әріптестерім өз бағыты бойынша жауапты. Үкіметтегі экономика және қаржы саясатының жалпы үйлестірілуіне мен жауап беремін. Тіпті жақында біреу мені «салық реформасының әкесі» деп атады, солай болсын. Бізде бәрі ойдағыдай болады деп сенеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде