{metadescription}
«Мәжбүр болдым». Алматыда үстінен сасық иіс шыққан қарт әйелді автобустан түсіріп жіберген
«Мәжбүр болдым». Алматыда үстінен сасық иіс шыққан қарт әйелді автобустан түсіріп жіберген

«Мәжбүр болдым». Алматыда үстінен сасық иіс шыққан қарт әйелді автобустан түсіріп жіберген

Алматыда үстінен жағымсыз иіс шыққан қарт әйелді автобустан түсірген жүргізушінің басы бәлеге қалды. Оған қатысты қызмет тексерісі басталған. Дегенмен оның айтуынша, зәр иісіне тұншыққан жолаушылардың шағымынан соң, қарияны автобустан шығарып жіберуге мәжбүр болыпты.

Оқиға 118 бағыттағы автобуста болған. Куәгерлердің айтуынша, көлікте бір мезетте зәрдің өткір иісі сезіліпті. Кейін иістің қариядан шыққаны анықталады. Осыдан соң бірнеше жолаушы жүргізушіге шағымданып, оны көліктен түсіруді талап еткен. Сөйтіп автобус тізгініндегі ер адам аялдамалардың бірінде қарт әйелдің қоғамдық көліктен шығуын талап етеді. Алайда заң бойынша мұндай себеппен жолаушыларды қууға рұқсат жоқ. Дегенмен жауаптылар жолаушылардан шағым түскен жағдайда жүргізуші тиісті шара қолдануға міндетті дейді. Қазір оған қатысты қызмет тексерісі жүріп жатыр.

Алмаз Төлегенов, "Алматыэлектротранс" ЖШС бөлім басшысы:

Жүргізушіге аталмыш факті бойынша бейнежазбаларды көтеріп, ішкі қызмет тексерісін жүргізген соң белгілі болады. Егер автобус салоны бос болып, адам болмаса немесе жолаушылар тарапынан наразылық білдірілмесе онда жүргізуші ондай факторға көз жұма салады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.