{metadescription}
Астанада мас күйде көлік жүргізген судья айыппұл төлейтін болды
Тұз сасыса не себеді? Астанада мас күйінде көлік тізгіндеген судья 800 мың теңге көлемінде айыппұл арқалады.
Автор: Әсел Ерболқызы
08.01.2026
«Мазда» көлігін тізгіндеген судья келіншек былтыр күзде ұсталған еді. Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сот судьясы Әсел Досаеваның ішімдік ішкені сараптамада дәлелденген. Бірақ өз әріптестері оның кәмелетке толмаған баласы бар екенін ескеріп, темір торға тоғытпады. Енді ол 800 мың теңгедей айыппұл төлеуі тиіс. Судьяның өкілеттілігі де өткен уақытша тоқтатылыпты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары