{metadescription}
Шымкенттен Алматыға келе жатқан екі үндістандық студент жол апатынан қаза тапты
Шымкенттен Алматыға келе жатқан екі үндістандық студент жол апатынан қаза тапты

Шымкенттен Алматыға келе жатқан екі үндістандық студент жол апатынан қаза тапты

Қазақстанға білім қуып келіп мерт болды. Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан екі үндістандық студент қаза тапты. Олар Шымкенттен Алматыға келе жатқан. Көлік жүргізушісі де тіл тартпай кетті.

Мұрат Қалиасқаров, Алматы облысы ПД ӘПБ бастығы:

Полиция қызметкерлері Алматы – Бішкек автожолының 86-шақырымында болған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүргізілуде. Құрметті жүргізушілер, жол қозғалысы ережелерін сақтап, жолда барынша сақ әрі абай болуды сұраймын.

Полиция мәліметінше, Toyota Alphard жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кетіпті. 33 жастағы жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Ал салондағы бес студенттің екеуі ауруханада жан тапсырды. Тағы үшеуі түрлі жарақатпен жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер науқастардың жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Олар Шымкент қаласындағы Медицина академиясының студенттері мен бір турист жігіт екен. Қазақстандағы Үндістан елшілігі қажет көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Қазақстандағы Үндістан елшілігі:

Үндістанның Астана қаласындағы елшілігі бұл қайғылы оқиғада қаза тапқан Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері — Раджастхан штатының тұрғындары Каран Пармар мен Риширадж Барайттың отбасына көңіл айтады. Елшілік марқұмдар мен зардап шеккендердің отбасыларымен тұрақты байланыста және Қазақстанның жергілікті билік өкілдерімен үйлестіру жұмысын жүргізіп, консулдық тарапынан бар көмек көрсетіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.