{metadescription}
Ақмола облысы: Бурабай тұрғындары жалғыз өрт сөндіру бөлімінің жабылуына қарсы
Ақмола облысы: Бурабай тұрғындары жалғыз өрт сөндіру бөлімінің жабылуына қарсы

Ақмола облысы: Бурабай тұрғындары жалғыз өрт сөндіру бөлімінің жабылуына қарсы

Ақмола облысындағы Бурабай ауылының тұрғындары жалғыз өрт сөндіру бөлімінің жабылуына қарсы. Жұрт өрт сөндірушілер болмаса, тілсіз жауды қалай жеңеміз деп алаңдаулы. Жауаптылар аудандағы екі өрт сөндіру бөлімін жауып, ондағы 100-ге жуық құтқарушыны Астана маңындағы маман жетіспейтін аудандарға ауыстырмақ.

Жалғыз әрі ескі №20 өрт сөндіру бөлімі жабылады дегенді естігелі, Бурабай ауылының тұрғындарынан маза қашқан. Елді мекенде өрт сөндірушілер болмаса, бізді тілсіз жаудан кім қорғайды деп алаңдаулы. Енді өңірде қызыл жалын тұтанса, сегіз шақырым жердегі өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары келмек. Олар мұнда жеткенше, біраз уақыт өтеді дейді жұрт.

Руслан:

— №20 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері шақыртуға бес минутта келеді. Зеленый борға қарап қалсақ, жағдайымыз қиын болмақ. Олар жеткенше біраз уақыт кетеді.  Сондықтан өз өрт сөндіру бөлімімізді қалдыру керек.

Өрт сөндіру бөлімінің жабылатыны туралы желтоқсанда айтылды дейді құтқарушылар. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті жарты жыл бұрын ескерттік деп отыр. Айта кетерлігі, Щучинск қаласындағы №5 өрт сөндіру бөлімі де жабылғалы жатыр.

Мұрат Қанғожинов, Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары:

Щучинск қаласындағы №5 және Бурабай ауылындағы  №20 өрт сөндіру бөлімі босаған соң, жергілікті атқару органдарына беріледі. Мұнда өрт сөндіру посты ашылады. Яғни мұнда техника беріліп, адамдар тартылады. Ал жабылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Целиноград сияқты, Астана іргесіндегі аудандарға жіберіледі. Өйткені ол жақта маман аз.

Ал өзге ауданға көше алмайтын өрт сөндірушілердің басқа жұмыс іздей беруіне тура келмек. Олардың Бурабай ауылындағы  №20 өрт сөндіру бөліміндегі қызметі мамырда тоқтатылады. Дегенмен жауаптылар алдағы екі жылда елді мекенде жаңа өрт сөндіру бөлімін салу жоспарда бар деп сендірді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.