СҚО: Өртенген жер үйде әкесі мен екі баласы мерт болды
Солтүстік Қазақстан облысында жер үйден өрт шығып, әкесі мен екі баласы тірідей жанып кетті. Өрт сөндірушілер алдымен 37 жастағы ер адам мен төрт жасар баланың денесін тапқан. Екі жастағы екінші бүлдіршіннің сүйегі бүгін түсте табылды.
Автор: Айгүл Өзекова
12.01.2026
Ал үйден шығып үлгерген анасына психологиялық көмек көрсетілуде. Оқиға кеше түнде Майбалық ауылында болған. Қызыл жалын ағаштан жасалған үйді түгел шарпып, шатыры ортасына түсіпті. Ең жақын өрт сөндіру бөлімі қайғылы оқиға болған орынға 45 шақырым жерде орналасқан екен. Құтқарушылар жеткен кезде ғимарат толығымен жанып кетіпті.
Әділ Спаев, СҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары:
— Өрт себебі мен жағдайы анықталуда. Арнайы топ, яғни Мағжан Жұмабаев ауданындағы ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, полиция қызметкерлері және департаменттің тергеу бөлімінің қызметкерлері. Сонда анықтау жұмысын жүргізіп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары