Бар өңірде дауылға ескерту жарияланды, кейбір аймақта жол жабылды
Бүгін еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Кей аймақта жол жабылып, жылдамдыққа шектеу қойылды.
Автор: Айгүл Өзекова
12.01.2026
Перронда және вокзал маңындағы алаңда қар үздіксіз тазалануда. Қауіпсіз жағдайды қамтамасыз ету үшін қажетті арнайы техника да жұмылдырылған.
Шығыс Қазақстан облысында боран соғып, көктайғаққа байланысты бірқатар тасжолда уақытша қозғалыс шектеуі енгізілді.
Қарағанды облысында қатты жел мен көктайғақтан Павлодарға шығатын жол жабылды. Құтқарушылар Ақтас кентінен 28 шақырым жердегі ауылға жаяу шығып кеткен 49 жастағы ер адамды іздестірді. Аяз бен боранда құлаған жерінде тоңып жатқан жерінен аман табылды. Ал теңертеңгі көтайғақта жолаушыға лық толы қалааралық автобус жолдан шығып кетіпті.
Медет Нұрмұханов, Қарағанды облысы ПД патруль полициясы полкінің командирі:
— Шахтинск қаласынан шыға берісте 121- ші рейс автобусы жолдан шығып кетті. Салонда 50 жолаушы болған. Жол оқиғасында ешқандай адам зардап шеккен жоқ. Автобусты техникамен алып шықтық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары