{metadescription}
Астанада күн райынан әуе рейстері кешігіп жатыр
Астанада күн райынан әуе рейстері кешігіп жатыр

Астанада күн райынан әуе рейстері кешігіп жатыр

Астанадағы қолайсыз ауа райы әуе қатынасына да әсер етуде. Соның салдарынан бүгін рейстер кешігіп, әуежайдың ұшу-қону кестесінде біршама өзгерістер орын алды.

Кешіктірілгендердің қатарында Қызылорда, Петропавл, Алматы және Қостанай бағытына ұшып шығатын рейстер бар. Жезқазған, Қостанай және Алматы қалаларынан келетін ұшақтар да уақытынан кеш жеткен. Әуежай қызметкерлері рейстердің кешігуін әуе кемелерінің кеш келуімен байланыстырады. Олардың айтуынша, әуежай жұмысы қалыпты, еш кедергі болмаған. Жолаушыларға сапарын алдын ала жоспарлап, ауа райы мен өзгерістерді бақылап отыру ұсынылды.

Науат Айтуғанова, Астана халықаралық әуежайы PR-қызметінің басшысы:

Қазір Астана халықаралық әуежайында күрделі метеожағдай байқалуда, алайда барлық қызмет штат және тұрақты режимде жұмыс істеп жатыр. Аэродромда арнайы техника күшейтілген режимде жұмыс істеуде — ұшу-қону жолағы, рульдеу жолақтары мен перрон үнемі тазалануда. Вокзал маңы мен іргелес аумақтарда да қар тазаланып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.