{metadescription}
«Фармацевтикадағы қылмыс». OrdaMed мемлекетке 4 жарым млрд теңге залал келтірген
«Фармацевтикадағы қылмыс». OrdaMed мемлекетке 4 жарым млрд теңге залал келтірген

«Фармацевтикадағы қылмыс». OrdaMed мемлекетке 4 жарым млрд теңге залал келтірген

Ұлттық қауіпсіздік комитеті фармацевтика саласындағы ауқымды қылмыстық әрекетті әшкереледі. OrdaMed компаниясы медициналық жабдықтарды өз елімізде өндіреміз деп жалған құжат жасап, тендер жеңіп алған. Алайда іс жүзінде құрал-жабдық пен құрылғылар шетелден жеткізілген.

Күдіктілер Қазақстан аумағында өз өндірісі бар сияқты етіп көрсеткен. Сөйтіп науқастарға аса қажет 28 түрлі жабдықты мемлекеттік емдеу мекемелеріне жеткізуге мүмкіндік алады. Бірақ дайын құрылғыларды сатып алып, осы әрекеті арқылы мемлекетке 4 жарым млрд теңге залал келтірген. Тергеуде құны 1 млрд теңгеден асатын инвестиция монеталары тәркіленді. Күдікті ретінде OrdaMed компаниясының техникалық директоры, бұрынғы басқарма төрағасы және өндіріс басқармасының басшысы қамалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.