«Күдікті рұқсат бермеді». Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты сот жабық өтеді
Алматы әкімінің экс-орынбасары Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты сот жабық түрде өтетін болды. Іс Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралып жатыр. Адам өлтіру бабымен айыпталып отырған күдікті өзін видеоға түсіруге рұқсат бермеді.
Автор: Әсел Ерболқызы
26.01.2026
Жәбірленуші тарап та сот басталмай жатып фото-видеоға түсіруге қарсы екенін жеткізді. Ал істі Қуандық Бишімбаевқа үкім шығарған судья Айжан Құлбаева қарап жатыр. Еске салайық, қайғылы оқиға былтыр қазан айында болған еді. Болжам бойынша, марқұм танысымен болған төбелес кезінде қаза тапқан. 56 жасында ажал құшқан Ержан Бабақұмаров түрлі жоғары лауызымды қызметтерді атқарған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары