{metadescription}
Павлодар облысы: Жаңа ауылда жанармай таситын көлік өртеніп, бір адам күйіп қалды
Павлодар облысы: Жаңа ауылда жанармай таситын көлік өртеніп, бір адам күйіп қалды

Павлодар облысы: Жаңа ауылда жанармай таситын көлік өртеніп, бір адам күйіп қалды

Павлодар облысында жанармай тасымалдайтын көлік өртеніп, бір адам оңбай күйіп қалды. Оқиға Жаңа ауыл елді мекенінде орналасқан серіктестік аумағында болған.

Өрт жанармай цистернасын толтырып жатқанда тұтанған. Дер кезінде жеткен құтқарушылар қызыл жалынды сөндіріп үлгерді. Әйтпесе жойқын жарылыс болып, жақын маңдағы нысандарға от таралу қаупі болған. Серіктестіктің күйік алып жарақатттанған 56 жастағы қызметкері ауруханаға жеткізілді.

Төлеужан Орымбаев, Павлодар №1 ауруханасының комбустиологы:

1969 жылғы ер адамның жағдайы ауыр, тұрақты, есін біледі. Денесінің 18-20 пайызын күйік шалған. Оның тыныс алу жолдары, басы, арқасы, жамбасы және қолы күйген. Екі өкшесі сынған. Қазір ол жансақтау бөлімінен күйік бөлімшесіне ауыстырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.