{metadescription}
«Атырауда тұншығып отыр». Экологтар күкірт сутегінің қауіпті деңгейін анықтады
«Атырауда тұншығып отыр». Экологтар күкірт сутегінің қауіпті деңгейін анықтады

«Атырауда тұншығып отыр». Экологтар күкірт сутегінің қауіпті деңгейін анықтады

Атырау тұрғындары қолқаны қабатын өткір иістен тұншығып отырмыз деп шағымдануда. Осыдан кейін ауа сапасын тексерген экологтар күкірт сутегінің көлемі қауіпті деңгейге жеткенін анықтаған.

Ерлан Есенов, Атырау облысы экология департаменті басшысының орынбасары:

Экология департаменті халықтың көп шағымданған аймақтарынан сынама алып, ауа сапасының ластанғанын анықтады. Тасқала ауылы маңыннан 17 есе, Тасқала ауылына іргелес аумақта 15 есе, Химиктер ауылында 36,3 есеге күкіртсутегі шектен асқан. Қазір зерттеу құжаттары дайындалып жатыр. Атырау мұнай өңдеу зауытына бақылау жүргізіледі.

Демалыс күндері Атырау мұнай өңдеу зауыты маңындағы тұрғындар өткір иістен есік-терезесін ашпай, далаға шыға алмай қалды. Тіпті қарт кісілер «денсаулығымыз сыр берді» деп шағымданған. Экологтар күкірт сутегінің мөлшері көп дегенімен, мұнай өңдеу зауытының өкілдері мұнымен келіспей отыр. Олар өз талдаулары бойынша кәсіпорын маңында ешқандай шығынды шектен аспады дейді.

Мөлдір Борашова, АМӨЗ Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің жетекші инженері:

Атырау аумағында зауыттан басқа да ластаушы көздер бар. Нақты қайдан болды дегенді құзырлы органдар айтады. Біз тарапымыздан санитарлық қорғау аймағындағы барлық көрсеткіштке талдау жасап, соның нәтижесі бойынша шекті мөлшерден аспайтыны туралы хабарлама беріп отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.