Алматы тауларында көшкін жүреді. Құтқарушылардың ақыл-кеңесі
Алматы тауларында көшкін жүру қаупі жоғары. Осылай дабыл қаққан құтқарушылар әзірге тауға шықтау туралы ескертіп отыр. Мамандар сүреңсіз статистиканы да тілге тиек етті. Айтуларынша, небәрі бір айда төрт адам қар басып мерт болған. Ал 25 адам аман-есен құтқарылыпты.
Автор: Ақтоты Жұмабек
26.01.2026
Соңғы жылдары тау туризміне қызығу көбейді. Былтыр Шымбұлақ тау-шаңғы курортында бір жарым миллионнан аса адам демалған. Бірақ туристер көп жағдайда қауіпсіздік ережесіне мән бермейді дейді мамандар. Әсіресе арнайы бағытсыз серуендеудің арты қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Құтқарушылар шаңғышылар мен жаяу туристерге таудағы демалысты қауіпсіз өткізу үшін бірқатар кеңес берді.
Балтабай Әділхан, ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының аға құтқарушысы:
— Таулы аймақтарда қыста қауіпсіздік сақтау: ауа температурасы күрт түскенде арнайы киім киіп, өзімен бірге қуатты ұялы телефон, пауэрбанк, бір күндік тамағын, GPS және ыңғайы келсе картаны алып, сол картамен маршрутты алдын ала тексеріп, көріп, қай жақпен жүру керек екенін біліп, туыс-туысына айтып кеткен дұрыс болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары