{metadescription}
Электршокермен жұртты қорқытқан ер адам он тәулікке қамалды
Электршокермен жұртты қорқытқан ер адам он тәулікке қамалды

Электршокермен жұртты қорқытқан ер адам он тәулікке қамалды

Алматыда электршокермен жұртты қорқытқан ер адам 10 тәулікке қамалды. Қызық қуған ол ұсақ бұзақылық және арнайы құралды заңсыз қолдану фактілері бойынша кінәлі деп танылған.

Оқиға сенбіде кешкі уақытта болды. 34 жастағы ер адам қоғамдық орында өз жөнімен жүргендерге құрылғысын кезеген. Ал тұрғындар оның бұл әрекетінен қатты шошыған. Полицейлер электршокер сынды құрылғыны көрсетудің өзі халық арасында дүрбелең туғызуы мүмкін екенін және мұның арты заң бойынша жауапкершілікке әкелетінін ескертті.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:

Аталған әрекет қоғамдық тәртіпті бұзу деп бағаланды. Ұсақ бұзақылық және арнайы құралды заңсыз қолдану фактілері бойынша жауапқа тартылды. Мамандандырылған аудандық әкімшілік соттың шешімімен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде