{metadescription}
Мемлекеттік аудит жүйесі масылдық пен алаяқтыққа қарсы кешенді жұмыс істеп жатыр
Мемлекеттік аудит жүйесі масылдық пен алаяқтыққа қарсы кешенді жұмыс істеп жатыр

Мемлекеттік аудит жүйесі масылдық пен алаяқтыққа қарсы кешенді жұмыс істеп жатыр

Шетелдіктер қызығып қарайтын еліміздегі әлеуметтік саясат — қоғамды қолдауға бағытталған басты құрал. Кепіл берілген тегін медициналық көмегі бар, азаматтарға арналған түрлі әлеуметтік жеңілдіктер де қарастырылған. Дегенмен Мемлекет басшысы соңғы жылдары осы жеңілдіктердің көбеюі масылдық пен алаяқтыққа жол беріп отырғанын айтып сынға алды. Сондықтан әлеуметтік масылдық пен патернализмге жол бермеу бүгінгі күннің өзекті міндетіне айналып отыр.

Елімізде халықты қолдауға арналған түрлі тетік аз емес. Біріне кәсіп ашуға мүмкіндік берілсе, енді біріне қиын кезеңнен өтуге жағдай жасалған. Дегенмен кейбіреулер осы көмекті қажет деп білмей, өз күшімен күн көруге тырысады. Солардың бірі ел топырағында жарты ғасырдан бері тұрып адал еңбек еткен Лилия әжей. Қария азды-көпті зейнетақысына иек артпай, базарда еңбек етіп, нәпақасын тауып жүр.

Лилия Викторовна, саудагері:

Зейнеткермін. 66 жастамын. Он алты жасымнан бері осы жерде тұрып еңбек еттім. Бір зейнетақыға қарамай, жапқан тұздықтарымды базарда сатамын. Өзім онкологиямен ауырамын. Мемлекеттен тегін дәрі-дәрмек бөлінеді. Соның өзі үлкен көмек.

Қария маңдай терімен нәсібін тауып жүр. Ал еңбектенбей, қит етсе көмек сұрайтындар да бар. Жергілікті билік өкілдері әлеуметтік көмек алғысы келетіндердің қатары жыл сайын молайып бара жатқанын айтады. Тек қана Астанада соңғы бес жылда ішкі көші-қонның ықпалымен мұндай санаттағы адам саны 80 мыңнан асыпты. Содан әлеуметтік жүйеге түсетін салмақ та ауырлай түскен.

Айгүл Тұрашева, Сарыарқа ауданының әлеуметтік жәрдемақы тағайындау бөлiмінің басшысы:

Әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтар электронды Егов порталы арқылы немесе халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы өтінішін беруіне мүмкіндік жасалған. Жалпы әлеуметтік көмекті көрсетуде басқарманың ресми сайтында тиісті құқық нормалары жарияланған. Азаматтардың оқып, танысуына мүмкіндік бар. Әр жылды есептегенде , жылына 20 мың азаматқа әлеуметтік көмек алуға өтініш білдіретін азаматтардың саны көбейіп жатыр.

Үнемі тегін көмекке иек арту масыл болуды қалыптастырады. Тепсе темір үзетін кейбір жастар еңбекке араласпай, жеңіл жолмен пайда тапқысы келеді. Әлеуметтік көмек алу үшін кейбіреулер тіпті жалған құжат тапсыратын көрінеді. Мұндай жағдайда жәрдемақы берілмейді, не заңсыз алынған қаражат кері қайтарылады дейді жауапты қызметкерлер.

Шыңғыс Шәкіл, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлінің бас сарапшысы:

Негізі, жалған мәлімет ұсыну фактілер анықталған жағдайда әлеуметтік көмек алушы алған қаражатты өз еркімен мемлекеттік бюджетке қайтаруға тиіс. Ал өз еркімен келіспеген жағдайд,а сот тәртібімен қаражат қайтарылады.

Әлеуметтік мемлекет ретінде еліміз тұрғындарды қолдауға бағытталған түрлі механизмге ие. Алайда кейбір азаматтар осы мүмкіндікті өз мүддесіне жаратып, қиттұрқы әрекетке барып жатады. Жалған құжат тапсыру фактілері жиілеп, бюджетке қосымша салмақ түсіреді. Қазір осындай жағдайдың алдын алу үшін мемлекеттік аудит жүйесі құрылып, жергілікті билік пен жауапты министрліктер бірлесіп кешенді жұмыс істеп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.