{metadescription}
«Пәндер, БЖБ, ТЖБ, тексеріс». Оқу-ағарту министрі: Реформаға тоқтау қойдық
«Пәндер, БЖБ, ТЖБ, тексеріс». Оқу-ағарту министрі: Реформаға тоқтау қойдық

«Пәндер, БЖБ, ТЖБ, тексеріс». Оқу-ағарту министрі: Реформаға тоқтау қойдық

Алгебра мен геометрия, химия мен физика-биология біріктірілмейтін болды. «Келесі оқу жылынан бастап талайдан бері жеке-дара оқытылып келе жатқан пәндер қосылады» деген сыбыс шыққалы, қоғам арасында туындаған түсінбеушілікке бүгін оқу-ағарту министрі нүкте қойды. Жұлдыз Сүлейменова пәндердің мазмұны әртүрлі болғандықтан, оларды жеке оқыту маңызды дейді.

Жұлдыз Сүлейменова ҚР Оқу-ағарту министрі:

2025 жылы коллегия мәслихатымен пәндерді үш топқа біріктіру туралы шешім шығарылған. Нақтырақ айтсақ, физика, химия, биологияны жаратылыстану ғылымдарына, алгебра мен геометияны математикаға, дүнежүзі тарихы мен құқық негіздерін әлеуметтік ғылымдарға. Ұстаздар қауымдастығымен ақылдаса келе, жағдайға дұрыс баға бере отырып, бұл реформаға тоқтау қойдық.

Министр алдағы уақытта оқушылардың уақытын алатын БЖБ, яғни бөлім бойынша жиынтық бағалау мен ТЖБ деп аталатын тоқсан жиынтығы бағалауының сағатын азайтуды қарастыртынын жеткізді. Себебі кейбір мектеп жүктеменің көптігінен сенбі күні де оқушыларды жинап алып, осы тапсырманы орындатады екен.

Ведомство басшысы жекеменшік мектептерге келгенде, тексерістің әлі де жалғасып жатқанын айтты. Соңғы 10 жылда жер-жерде монша мен жеке қоймада әйтеуір білім ордасы атауымен оңды-солды ашылған нысандарға мониторинг күшейтілген. Балалардың білім алуына сай келмейтін ғимаратта ашылған жеке мектеп ештеңеге қарамай, қатарынан 5 жыл бойы мемлекеттік тапсырыс алып, қалтаға қомақты қаржыны басып отырған. Министр алдағы оқу жылында нақты үш критерийге сай келген оқу ордаларын ғана қалдырамыз деп отыр. 

Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Оқу-ағарту министрі:

— Елімізде 880-нен астам мектеп бар. Соның 785-і қазір цифрландырылған, мемлекеттік тапсырысты ала бастады. Бүгінде негізгі үш талап қойып отырмыз. Бірінші білім сапасы. Екінші мұғалімнің сапасы мен біліктілігі. Үшінші бала қауіпсіздігі. Осы үш талапқа сәйкес болса, лицензиясы қалады, сәйкес келмесе, лицензиясы қалмайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.