{metadescription}
Ақтөбеде хиджап киген екі қыз бутиктен бірнеше ұялы телефон ұрлаған
Ақтөбеде хиджап киген екі қыз бутиктен бірнеше ұялы телефон ұрлаған

Ақтөбеде хиджап киген екі қыз бутиктен бірнеше ұялы телефон ұрлаған

Ақтөбеде хиджап киген қос құрбы ұрлық жасағаны үшін ұсталды. Олар сауда үйлерінің біріндегі бутик сөресінен бірнеше ұялы телефон қолды қылған.

Қос құрбының қылмысы бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Екі қыздың сөреден ұялы телефондарды алып кеткені көрініп тұр. Араға үш күн салып, олар дүкенге қайта оралып, тағы бір телефонды үптеп кеткен. Осы қылмыстарға күдікті ретінде Ақтөбе қаласының 19 және 20 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Олар кінәсін мойындап, ұрланған телефондарды ломбардқа өткізіп, түскен қаражатты жеке қажетіне жұмсағанын айтқан. Олардың діндар екені, не болмаса қылмыс кезінде бет-әлпетін жабу үшін хиджап кигенін тергеушілер анықтайды.

Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында күдіктілер кінәсін толық мойындап, ұрланған мобильді құрылғыларды ломбардқа тапсырғанын айтты. Ақшаны өз қажетіне жұмсаған.Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде. Мұндай қылмыстық әрекет үшін заңнамада мүлкi тәркiленіп, жетi жылға дейiн бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.