{metadescription}
Қаскелеңде әйелін сабап, дүние-мүлкін қиратқан ер адам үш жылға дейін сотталуы мүмкін
Қаскелеңде әйелін сабап, дүние-мүлкін қиратқан ер адам үш жылға дейін сотталуы мүмкін

Қаскелеңде әйелін сабап, дүние-мүлкін қиратқан ер адам үш жылға дейін сотталуы мүмкін

Алматы облысында әйелін таяқпен сабап, үйдегі дүние-мүлкін қиратқан ер адам қамауға алынды. Ерлі-зайыптыға араша түскен келіншектің анасы мен әпкесі де жанжал кезінде зардап шеккен. Енді 31 жастағы күдікті үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Отбасылық жанжал осыдан екі күн бұрын Қаскелең қаласында болған. Әйелін таяқпен ұра жөнелген ер адамның бұл әрекеті есік алдындағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Тіпті оны сабырға шақырған туыстарына да жұдырық ала жүгіреді. Үйдегі дүние-мүлкі мен терезелердің де сау-тамтығы қалмаған. "Күйеуімнен зәбір көрдім" деген келіншек халықтан видео арқылы көмек сұраған. Қазір ер адам уақытша ұстау изоляторында. Ерлі-зайыптының ортақ үш баласы бар.

Ернар Сәйділдин, Алматы облысы ПД ресми өкілі:

ҚР ҚК 2-бабы бойынша қылмыстық істер тіркелді. Оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық және обективті анықтауға бағытталған тергеу жүргізілуде. Тергеу қорытындысы бойынша күдіктінің әрекетіне қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес құқықтық баға беріледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.