Қарасай ауданында ассенизатор жүргізушілері тығырыққа тірелді
Алматы облысында ассенизатор жүргізушілері кәріз қалдықтарын төгетін жер таппай жүр. Өйткені Қарасай ауданындағы нәжіс аралас су құятын жалғыз орын екі апта бұрын жабылған. Енді жүргізушілер қалдықты өзге аудандағы құдыққа тасуға тиіс. Алайда ол тым алыс орналасқан дейді наразы топ. Ал шенеуніктер құдықты жабуға оның санитария талабына сай келмеуі себеп болғанын айтады.
Автор: Ақтоты Жұмабек
27.01.2026
Қатарынан тізілген көліктер екі аптадан бері жұмысына шыға алмай қалған. Өйткені кәріз суын төгуге арналған құдық жабылып қалған. Соның салдарынан күніне төрт-бес рет рейс жасайтын жүргізушілер сұйық қалдығын қайда төгерін білмей дал.
Ұлан Көкішовтің табыс көзі — көлік. Кәріз қалдықтаын тасып, жылдар бойы отбасын асырап келген. Енжі жұмысы жақын маңдағы құдық жабылғалы тоқтап тұр.
Ұлан Көкішов, жүргізуші:
— Он күннен асып кетті, қазір ешқандай жұмыс істелініп жатқан жоқ. Жүргізушілерге қиын болды. Дәл қазір Бұрындай, Іле ауданына жіберіп жатыр. Ол жақ бізге алыс. 35 километр ары, 35 километр бері. Қалтамызды қағады. Халыққа да пайдасыз болып тұр. Еш пайдасы жоқ.
Қазір 60-қа тарта ассенизатор жүргізушісі тығырыққа тіреліп отыр. Бұған дейін олар бір рейс үшін 20-22 мың теңге алып келген. Ал, кәріз қалдықтарын Іле ауданына таситын болсақ, қызмет құнын 50-60 мыңға дейін көтеруге тура келеді дейді.
Алмас Алдабергенов, жүргізуші:
— Экологиялық талаптарға сай еместігін айтып, ортада активисттар бар сол себепті жаптырды. Бірақ оны ашып беру керек бізге. 06:23 Өйткені қаншама адам жұмыссыз қалды. Одан кейін халықтың қалтасына ауыр тиіп жатыр. 06:41 Несиемізді несие алып жауып жатырмыз.
Бұл жағдай қарапайым тұрғындардың қалтасына салмақ салғалы тұр. Ал, шенеуніктер қалдық төгетін орын санитарлық талаптарға сай келмегендіктен, жабуға тура келді деп отыр. Қазір мәселені шешудің жолдарын қарастырып жатыр екен.
Бексұлтан Ақылбек, Қарасай ауданы әкімінің орынбасары:
— Біз ауданның төңірегінде слевный яма салу мәселесін қарастырғанбыз. Бірақ та қазіргі таңда Қарасай ауданы халқы тығыз орналасқан елдімекендер. Қай елдімекеннің айналасына апарсада оның иісі, тағы бір санитралық нормалары бар. Сол себепті қазіргі таңда басқа бір альтернативті жолдары қарастырылуда. 38:41 Әзірше осы жердегі біздің асмашиналарымыз тек қана рұқсат етілген орынға баруы керек. Басқа орынға баруға рұқсат жоқ.
Ал жүргізушілер жақын маңнан талапқа сай келетін құдық қазып беруді талап етеді. Олар әзірге септик тазалау бағасын көтергенннен басқа амал жоқ деп тарқасты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары