{metadescription}
Көпбалалы отбасына — тегін балабақша мәселесі талқыланып жатыр
Көпбалалы отбасына — тегін балабақша мәселесі талқыланып жатыр

Көпбалалы отбасына — тегін балабақша мәселесі талқыланып жатыр

Көпбалалы отбасылардың бүлдіршіндері балабақшаға қайта тегін баруы мүмкін. Алайда әңгіме жергілікті әкімдіктің қаржысына келіп тіреліп тұр. Оқу-ағарту министрлігі мәселені сол әкімдік өкілдерімен бірлесіп шешуге тырысып жатыр.

Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Оқу-ағарту министрі:

Бүгінгі таңда бұл біздің бақылауымызда. Абай облысы, Алматы облысында болған мәселелер қазіргі таңда шешілді. Бірақ бүгінгі таңда маған да ата-аналардан көптеген хаттар келіп жатыр. Енді біз бұны әкімдіктермен, әкімдіктекрдің бюджеттік мүмкіндіктерімен шешетін боламыз.

Бұған дейін әлеуметтік көмек ретінде көпбалалы отбасының кішкентайы балабақшаға тегін баратын. Қаржыны қала бюджеті көтеріп келген. Бірақ биыл 1 қаңтардан бастап бұл көмек толық тоқтатылды. Оқу-ағарту министрінің айтуынша, айлықтан-айлыққа күн көріп жүрген тұрғындар бұл шешімге наразы. Сондықтан жауаптылардың бәрі бірігіп, осы мәселеге нүкте қоюды талқылап жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.