{metadescription}
Шымкентте балабақша тәрбиешілері балаларды ұйықтату үшін ине қолданған көрінеді
Шымкентте балабақша тәрбиешілері балаларды ұйықтату үшін ине қолданған көрінеді

Шымкентте балабақша тәрбиешілері балаларды ұйықтату үшін ине қолданған көрінеді

Бүлдіршіндерді инемен қорқытқан. Шымкенттегі «Айша» балабақшасынан дау шықты. Мұндағы тәрбиешілер балаларды ұйықтату үшін ине қолданған көрінеді.

Бес жасар балақайды тәрбиешінің инемен қорқытып жатқан сәті бақылау камерасына түсіп қалған. Басқа балалар мұндайға үйренгендей, мән беріп жатқан жоқ. Тіпті өзге тәрбиеші де селт етпейді. Дегенмен бұл видео әлеуметтік желіге таралған соң, Шымкент қаласының білім басқармасы дереу комиссия құрып, тексере бастады. Тіпті мектепке дейінгі мекеменің меңгерушісі, тәрбиеші мен тәрбиешінің көмекшісі жұмыстан шығарылды. Бұл аздай, балаларды қорқытқан тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалыпты. Ал шошып қалған балақайдың денесінде ине іздері жоқ көрінеді.

Абай Пахынбетов, Шымкент қаласы білім басқармасының қорғаншы және қамқоршы орталығының директоры:

Арызданушы ата-ананың өзі баласына қатысты сараптама тағайындаудың қажеті жоқ екенін ескертті. Себебі: денесінде ешқандай белгі, жарақаты жоқ екенін өзі атап өтті. Енді білім басқармасынан зерделеу тобы құрылып, балабақшаны тексеріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде